Армениядағы жарылыс: қаза тапқандар саны 15-ке жетті

Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 15-ке жетті, - деп хабарлайды Reuters.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Армениядағы қоймада жарылыс болған жерден құтқарушылар тағы бірнеше адамның денесін шығарды.

"Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қаза тапқан 15 адамның денесі табылды", - делінген жергілікті министрлік сайтында.

Сонымен қатар, 18 адам із-түзсіз жоғалған деп танылып отыр.

Еске салайық, 14 тамызда Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында жойқын жарылыс болып, артынан өрт шыққан еді. Қала мэриясының мәліметінше, пиротехникалық материалдар қоймасы жарылған. Оқиға салдарынан 61 адам зардап шеккен.