YouTube-те жарнамасыз видео көруге болады: 3 жолы

YouTube-те жарнамасыз видео көруге болады: 3 жолы
Фото: Reuters

Ең танымал видеохостингтегі жарнама шаршатып жібереді, кейде жарты сағаттық видеода 8 жарнамаға дейін қарауға тура келеді. Ақылы YouTube Premium жазылымы жарнамаларды алып тастай алады, бірақ, өкінішке қарай, бұл нұсқа Қазақстанда жарамсыз. Дегенмен, Tengri Lifestyle порталы YouTube жарнамаларын шектеудің немесе өшірудің бірнеше әдісін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Интернетте жарнамаларды жасырудың көптеген жолы бар. Бірақ олардың бәрі бірдей өзекті емес, өйткені видеохостинг үнемі дамып жатыр және жарнаманы бұғаттаумен күресудің жаңа жолдарын табады. Ең танымал, бірақ қазір жарамсыз әдістердің бірнешеуін талдап көрейік.

XXX

2020 жылы Reddit әлеуметтік жаңалықтар ресурсының пайдаланушысы YouTube-тегі жарнамаларды өшірудің өте қарапайым және тиімді әдісін тапқан. Ол жай ғана видеоның URL мекенжайына нүкте таңбасын қосудан тұрады. Доменнен кейін нүкте қойылуы керек еді - https://www.youtube.com/XXX орнына https://www.youtube.com./XXX деп жазыңыз.

Бұл қарапайым әдіс барлық дерлік жарнамадан құтылуға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, бұл әдісті жұрт біле бастағанда YouTube бұл тәсілді жауып тастады.

YouTube Vanced

2021 жылы Желіде YouTube Vanced деп аталатын YouTube клиенті пайда болды. Бағдарлама YouTube Premium артықшылықтарын ұсынды, бірақ ол мүлдем тегін болды. Жарнамаларды бұғаттаумен қатар, бағдарламаның басқа да премиум мүмкіндіктері болды: видеоны фон режимінде ойнату секілді. 2022 жылдың наурызында Vanced құрастырушылары "заңды себептермен" бағдарламаны өшіруге мәжбүр болды.

AdBlock

Бүгінгі таңда браузердегі жарнамаларды жоюдың ең тиімді әдісі - AdBlock кеңейтімі. Бұл ең танымал жарнама блокаторы және ол көптеген веб-сайттағы жарнамаларды жасырады. YouTube-те ол баннерлік жарнамаларды, жарнамалық клиптерді және тіпті YouTube видеосының алдында болатын жарнамаларды бұғаттайды.

AdBlock барлық танымал браузерде орнатылады. Mozilla Firefox браузерінде YouTube үшін бөлек Adblock кеңейтімі бар. Жасаушылардың айтуынша, ол видеоларды жүктеу жылдамдығын арттырады.

Ұялы телефондағы YouTube

YouTube мобильді қосымшасында екінші, бірақ күрделірек әдіс орындалады. Рас, бірінші жарнаманы көруге тура келеді. Негізгі видео бастала салысымен, уақыт шкаласында курсорды видеоның ең соңына дейін сүйреңіз. Видеоны көріп тастаңыз.

Видео аяқталғаннан кейін экранда үш түйме пайда болады: алдыңғы видео, қайталау және келесі видео. "Қайталау" дегенді басып, сөйтіп, видеоны жарнамасыз көріңіз. YouTube жүйесі басында барлық қажетті жарнаманы көріп тастадыңыз деп ойлап, қайталап көргеніңізде оны қайта ұсынбайды. Бұл браузерде де, смартфондағы қосымшада да жарамды.

PureTuber

Бұл үшінші әдіс те смартфондарда жарамды. Бұл - PureTuber қосымшасы. Қолданба сипаттамасында YouTube туралы бірде-бір ескертуді таба алмайсыз. Сірә, бұл құқықтық қорғау үшін жасалған. Дегенмен, қолданба танымал видеохостингтің барлық видеосын жарнамасыз ашады, сонымен қатар ол видеоны фон режимінде ойнатуға мүмкіндік береді. Бұл музыканы, подкастарды және аудиокітаптарды тыңдау үшін пайдалы. PlayMarket пен AppStore-да тегін қосымша бар.

PureTuber-тің барлық артықшылығына қарамастан, қосымшаның кемшіліктері бар екенін ескерткен жөн. Ең бастысы, қосымша әлі шикі болуында, яғни YouTube-ті иеленетін Google да, басқа медиаалпауыттар да оны ресми түрде мойындамайды.

Егер сіз осы қосымшаға негізгі Google-аккаунтыңызбен кірсеңіз, сізді бұғаттап тастауы ықтимал. Медиаалыптарға әлі шикі қосымшаларға кірген аккаунттарды ұната бермейді. Жүйе сіздің аккаунтыңызға біреу бұзып кірді деп санауы мүмкін.

Е. Төлеш