"Асаба аластап жатыр". Тойда жұлқынып билеген қыз жұрттың талқысына түсті

"Асаба аластап жатыр". Тойда жұлқынып билеген қыз жұрттың талқысына түсті

Желіде асаба жұлқынып билеген қызды аластап жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Видео YouTube-та 66 мыңнан аса қаралым жинаған. 

Желі қолданушылары видеоға екі түрлі пікір жазған. Бір бөлігі тойда билеу қалыпты құбылыс екенін айтқан:

"Сонда адамдар тойға не үшін барады? Түнеріп, тамақ жеп қайту үшін бе? Жас кезде билеп қалу керек", "Керемет, эмоция көрінген би", "Онда тойды фестиваль, симпозиум, конференцияға айналдырайық", - деп жазған пікір білдірушілер.

Ал енді бір бөлігі мұндай билер ұят екенін айтқан:

"Кавказ қыздары өздерін тойда қалай ұстайды, қараңыздаршы", "Тойда басқаша билеңдерші. Шаршатты, ашып қалсаң қазақ қыздарының жұлынғанын көресін де отырасың", - деп жазған Желідегілер.

Ж. Қадыржанова