Қазақстан қылмыс өршіп тұрған елдер қатарына кірді

Қазақстан қылмыс өршіп тұрған елдер қатарына кірді

Қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан Алжир мен Уругвай арасында тұр, - деп хабарлайды Ranking.kz

Numbeo порталының деректеріне сәйкес, Қазақстан 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингінде 142 ел арасынан 47-орында тұр. Орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс жағдайы соғұрлым нашар дегенді білдіреді.

Қылмыс деңгейі бойынша елдер рейтингі жылына екі рет жасалады, оған кейінгі 36 айдағы деректер пайдаланылады.

Елдегі қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. 0-ден 19,99-ға дейінгі индекс қылмыстың өте төмен деңгейін білдіреді, 20-дан 39,99-ға дейін төмен, 40-тан 59,99-ға дейін орташа, 60-тан 79,99-ға дейін жоғары, 80-нен жоғары және одан жоғары болса, өте жоғары дегенді білдіреді. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Венесуэла мен Папуа-Жаңа Гвинея алда тұр, олардың индексі 83,16 және 80,26. Бұл қылмыстың өте жоғары деңгейіне жатады. Одан кейін Ауғанстан (78,19 индексімен 3-орын), ОАР (75,37 индексімен 4-орын) және Гондурас (74,66 индексімен 5-орын) тұр.

Қазақстанның индексі - 53,04, бұл қылмыстың орташа деңгейін білдіреді. Қазақстанға қарағанда Уругвайда қылмыс деңгейі төмен, ол 52,13 индексімен 48-орында, ал Алжир 53,25 индексімен 46-орында тұр.

ЕАЭО-ның Беларусь және Қырғызстан сияқты елдерінде де қылмыстың орта деңгейі байқалды, бірақ оларда Қазақстанға қарағанда сәл нашар. Беларусь 57,18 индексімен 32-орынды, ал Қырғызстан 55,88 индексімен 36-орынды иеленген. Ал Ресей мен Арменияда қылмыстың төмен деңгейі байқалған. Ресей 39,32 индексімен 94-орында, ал Армения 27,75 индексімен 136-орында тұр. Көршілес Өзбекстанда қылмыстың төмен деңгейі байқалған, ол 104 индексімен 33,68-орында.
Қылмыстың ең төменгі деңгейі - Катарда (14,15 индексімен 142-орын), БАӘ (14,87 индексімен 141-орын) және Тайваньда (16,15 индексімен 140-орын).

Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 87,1 мың қылмыстық құқықбұзушылық дерегі тіркелген, бұл былтырмен салыстырғанда 1,1 пайызға артық.

Ж. Қадыржанова