ШҚО-да тереңдігі 3 метр шұңқырдан аутизммен ауыратын баланы құтқарған полицей марапатталды

ШҚО-да тереңдігі 3 метр шұңқырдан аутизммен ауыратын баланы құтқарған полицей марапатталды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Темірлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді,  деп хабарлайды Polisia.kz.

 
"Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метр. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтің қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды. Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін"  ведомстволық медалімен марапаттады.

Г. Досымшалова