20 жыл бойы әкім болған шенеунік тұрғындардың шағымынан кейін қызметінен кетті

Жетісу облысы Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінің әкімі 20 жылдан қызметінен кейін өз еркімен жұмыстан кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сағади Талдыбаев Көкжазық ауылдық округін 20 жыл басқарған. Ұзақ жұмыс мерзіміне қарамастан, тұрғындар әкімнің қызметіне жаппай шағым түсірген. Осы күнге дейін ауылда интернет, көшелерді, жолдарды және балалар алаңдарын жарықтандыру жүргізілмеген.

2022 жылдың шілдесінде ауыл тұрғындары әкімдік ғимаратының алдына жиналып, Сағади Талдыбаевтың отставкаға кетуін талап етті. Сол уақытта әкім отставкаға кетуге дайын ба және ол келесі мерзімге әкімшілік басшысының сайлауына қатыса ма деген сұрақтарға Сағади Талдыбаев жауап бермеген. Ал бүгін әкім өз еркімен жұмыстан шыққаны белгілі болды.

"Сағади Жолдыбайұлы Талдыбаев Көкжазық ауылдық округінің әкімі қызметінен 2022 жылдың 8 тамызынан бастап өз ниетімен босатылды. Әкімнің міндеттері уақытша ауылдық әкімдіктің бас маманы Мақсат Жұмабаевқа жүктелді", - деп хабарлады Ескелді ауданының әкімдігі.

Ауыл әкімі лауазымына сайлау қашан өтетіні аудан әкімшілігі өкілдері нақтыламады.