Бұрынғы бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды

Бұрынғы бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Ерлан Қиясов. © Tengrinews.kz

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитария дәрігері Ерлан Қиясов Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. ҚазҰМУ, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Тұран-Астана" университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы "Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасы" қарқынды терапия бөлімшесінің санитары болып бастаған.

1997-1999 жылдары Алматыда әуе көлігінде санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиолог болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент Іс Басқармасының Медициналық орталығының құрылымында - санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитарлық дәрігер, оперотел меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры, Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020-2022 жылдары Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері лауазымын атқарған.

А. Құлтай