Әлемге әйгілі блогер қазақстандық спортшыға жауап берді

Әлемге әйгілі блогер қазақстандық спортшыға жауап берді

Әйгілі қазақстандық спорт, алып күш иесі Сергей Цырульниковтің сусын құтысын ерекше әдіспен ашқан видеосы желіде тараған. Танымал блогер Хаби Лейм де қазақстандық спортшыға жауап қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сергей Цырульников Instagram-парақшасында сусын құтысын ерекше әдіспен ашқан видеосын жариялаған: спортшы сусынның қақпағын жұлып алады.

"Мойындаңдаршы, менің құтыны ашу тәсілім күнделікті "кілтті" тартудан әлдеқайда әсерлі... Бірегей және қайталанбас бол! Изометрия - құдірет!", - деп жазған Сергей Цырульников Instagram-желісінде.

Танымал пародист Хаби Лейм қазақстандықтың видеосына өз жауабын дайындады. Леймнің бейнежазбасында жігіт сусын құтысын аша алмай, біреуді шақырады. Сонда Хаби Леймнің өзі келіп, құтыны ашудың оңай жолын көрсетеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khaby Lame (@khaby00)

Бұл роликке 14 мыңнан аса пікір жазылған. 

"Өте күлкілі", "Мықты", "Ол менен де мықты сияқты" - деп жазған желі қолданушылары. 

Еске салайық, Хаби Лейм қарапайым жұмысты қиындататын адамдарды мазақ ететін комедиялық видеоларымен танымал болған. Оның Instagram желісінде 78 миллионнан астам фолловер бар.

Е. Төлеш