"Мәссаған, Жамилә ханым, топ". TikTok-та танылған қазақ әйелдері кім?

"Мәссаған, Жамилә ханым, топ". TikTok-та танылған қазақ әйелдері кім?

Желіде Гугуша, Тұмар есімді қазақ әйелдерінің видеосы көп қаралым жинап жатыр. Massaget.kz TikTok-тағы трендтерге шолу жасады.

TikTok-та отыратындардың бәрі дерлік "Жамилә ханым, my god, my god" деген трендті біледі десек, артық емес. Өйткені дәл осы дауысқа түсірілген видеолар көп қаралым жинаған. Мысалы, белгілі блогер Мерей Әбілова түсірген видео 170 мыңнан аса қаралым жинаған.

@abilovva_m7

?

♬ оригинальный звук - Aksuirik
@sabrinpaipak

♬ оригинальный звук - Aksuirik
@aleejandrro__

♬ оригинальный звук - Aksuirik
@kosherhanov.kanat

Достар менің мамама рақмет айтамыз бірге, ол маған тиын берді?

♬ оригинальный звук - Aksuirik

Бұл дауыстың иесі - Желіде "Гугуша" лақап атымен танымал әйел. Видеоларына сүйенсек, оның кішкентай қыздары бар әрі TikTok-тағы белсенділігінің арқасында несиелерін жауып алған.

@7g_miko Гугуша ахахах ! #гугуша #ахахах #жамиләханым #топ ♬ оригинальный звук - Базарымбет Мейірлан

Тұмар лақап атымен танылған әйелдің видеолары көп қаралым жинайды. Сондай-ақ, оның дауысына түсірілген видеолар бірден трендке айналады. Оның шын есімі - Жеңісгүл Құлниязова. TikTok жұлдызының парақшасына 157 мыңнан аса адам жиналған. Ол басында "Ал, қыздар, көшеге Тұмар шықты. Жігіттеріңді байлап ұстаңдар" дейтін видеосымен танылған еді.

@nurbol.sain тұмар шықты омаигат#тұмар #тұлпар?? #жануар#?dollars_team? #on #puf #pyf ♬ оригинальный звук - .

Ол "Шешімі бар" бағдарламасында бұл жолға қалай келгенін әңгімелеген.

"Біріншіден, "Тұмар" деген атты халықтың өзі берді. Өмір сүріп жатқан заманымызда уайым-қайғы көп. Менде де мұң жоқ, қайғы жоқ деп ойламаңыз. Тұмардың да жақсы тұсы көп. Мен халыққа тілек айтамын, биімді қоямын. Мені көрген адам жалықпауы керек. ...Қара халықтың арасынан суырылып шығу оңай емес. Мен 8 жыл бойы жүк тиеуші болып жұмыс істедім. Мені жұмыс істемейді деп ойламаңыздар. Жаңбырда да жүрдім, қарда да жүрдім. 44 жасыма дейін қара жұмыс істедім. 44 жасымда TikTok-қа кірдім", - деген еді ол "Шешімі бар" бағдарламасында.

Оның сөзінше, басында тегін марафон ұйымдастырып танылған.

"2 ай тегін марафон ұйымдастырдым. Бимен салмақ тастау 2 сағат, 2 cағат кешке. Артық салмағы бар қыздар дәрі ішеді. Сол кезде мені қолдаған қыз-келіншек көп болды. Мен хайп қуған жоқпын. Мені алға қарай жетектеп кеткен адамдар - мені қолдағандар. Үшінші айда радио аштым, Kaspi нөмерімді жаздым. Бір би - 100 теңге. ...Жұмыс пен TikTok-ты алып жүру қиын болды. TikTok-ты таңдаймын деп шештім", - дейді ол.

Желіде Тұмардың "Я хочу де, гүл хочу де" деп басталатын видеолары да трендке айналған. Әсіресе, осы дауысқа түсірілген жұптардың видеосы жетерлік.

@zhussipovagaukhar

Я хочу де конкретно гул хочу де?

♬ оригинальный звук - Zhanka_04
@aiss_lun #моятиктоксемья #тумар #р_е_к_о_м_и_н_д_а_ц_и_и ♬ оригинальный звук - медина
@zhanka___04 #рек#подарисердце #рофл #цветы ♬ оригинальный звук - Zhanka_04
Ж. Қадыржанова