Канело Головкинді неге жек көретінін айтты

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) алдағы қарсыласы - қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) туралы жағымсыз пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Головкин - өзімшіл. Кадрдан тыс адамдардан оның қандай екенін сұрап көріңіздер. Ал камера қосылса, ол өзін жақсы адам сияқты көрсетеді. Мен екіжүзді адамдарды жек көремін. Егер олар мені ақымақ десе, дей берсін. Мен өзімнің қандай екенімді білемін", - деді мексикалық Marca басылымына берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, Канело не үшін Головкинді жек көретінін де айтты. "Ол мені арам, алаяқ деді. Сонымен қатар, ол менің командам елімді масқара қылып жатыр деді. Міне, осы үшін мен оны жек көремін", - деді мексикалық. 

Айта кетейік, Головкин мен Канело арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйекте Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді.