"Соттатып жіберемін". Желіде қыз алып қашқандардың видеосы тарады

Желіде қыз алып қашқан видео тарады. Видео Instagram-дағы Endi_nestim-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видеода көлік ішінде отырған қыз өзін көліктен түсірмек болған әйелдерге қарсылық танытып жатқаны түсірілген. Видеоға түсіріп отырған қыздың қолын бір әйел қағып жібереді. Әйелдердің бірінің қолында ақ орамал көрінеді. 

"Тәте, керек емес, тимеңіз! Соттатып жіберемін барлығын, қазірбарлығын видеоға түсіріп алам да, соттатып жіберемін. Үйге апарып тастаңыздар", - дейді қыз видеода. 

Видеода әйелдердің бірі "екеуі сөйлесіп алсын" деп, көлік есігін жабады. Желі қолданушылары қызды қолдап, пікір жазған.

"Қыз дұрыс істеп тұр", "Келсімсіз алып қашқан адамды соттату керек",  "Дұрыс, қыз қаламаса, қинамасын", "Қыз қаламаса, керегі жоқ", "Дұрыс, бәріміз қыз өсіріп отырмыз", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.

Әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдар мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 5 мыңға жуық қыз алып қашу дерегі тіркеледі. Бірақ мұндай жағдайларды есепке алатын ресми статистика жоқ.