Бірдей көліктер қалай екі елге екі түрлі құрастырылады?

Бірдей көліктер қалай екі елге екі түрлі құрастырылады?

Автоблогер әрі "Клубный сервис" YouTube-арнасының сарапшысы Илья Свиридов Қазақстан мен Ресейге Toyota Land Cruiser Prado көлігін құрастырудағы айырмашылықтарды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

Блогер қазақстандық жаңа Toyota Land Cruiser Prado 150 көлігіне шолу жасаған. Көлемі 2,7 литр болатын көлік былғары салон және линзалы оптикамен жабдықталған. Автомобиль параллель импорт схемасы бойынша жеткізілсе, мұндай көлікті сатып алғысы келетіндер дилерлік ұсыныстар бойынша үш миллион рубль (23 миллион теңге – шамамен) үнемдей алатыны айтылды.

Қазақстаннан келген осы Toyota Land Cruiser Prado барлық құжат рәсімделгеннен кейін сатып алушыға 5,6 миллион рубльге (43 миллион теңге - еск.) шыққан. Алайда видеошолу еліміз үшін жол талғамайтын көліктер басқа әдіспен құрастырылатынын көрсетті. Автокөліктерде сымдар, шудан оқшаулау, ауа баптау және жылыту жүйелері ерекшеленеді.

Сондай-ақ, Қазақстанға арналған Toyota тот басуға қарсы өңдеуден өтпеген. Бұдан басқа, қазақстандық жол талғамайтын көліктердің еденде, арка және есіктерінде виброизоля жоқ. Алайда, автордың айтуынша, басты айырмашылық - салонның ортаcында ауа өткізгіш болмауы. Сондықтан ауа ағыны ешқайда кетпейді.

Автор басқа жағдайда Қазақстан мен Ресей үшін жабдықталған Toyota Land Cruiser Prado бірдей екенін айтты.

Ж. Қадыржанова