"Не деген қимыл". Желіде Жанар Айжанованың билеген видеосы қызу талқыға түсті

"Не деген қимыл". Желіде Жанар Айжанованың билеген видеосы қызу талқыға түсті

Желіде Жанар Айжанованың тойда билеген видеосы қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz

Видеодан әнші Modern Talking тобының поп жанрындағы No Face, No Name, No Number әніне билеп жатқаны көрінеді.

"Сылдырмақтың әжесінен бір би", - деп жазған ол видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазып жатыр:

"Дардай әнші деген атағың бар, Айжан-ау, мына жүрісің өзіңе сай емес енді. Сені баяғы қазақы көйлекпен, үкілі телпекпен, домбырамен сызылып ән салып тұрған күйіңде көргіміз келеді... Менен көп кішісің, сіңілім ретінде айтып жатқаным", "Күшті билейсіз ғой", "Арықтап сұлуланып кетіпсіз",  "Әдемі жарасып тұр", "Тухх! Не деген қимыл, биді қатырады екенсіз", "Күшті билеп тұрсыз", "Биді айырады екенсіз ғой!" - деп жазған пікір білдірушілер.

Ж. Қадыржанова