Ұрып-соғып, тонап кетті. Елордадағы қылмыс видеоға түсіп қалды

Нұр-Сұлтанда жас жігітті ұрып-соғып, тонап кету дерегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Tүнгі уақытта Гeте көшесінің бойындағы "Паровоз" ескерткішінің жанында тұрған жігітке ер адам келіп темекі тұтатып алуын сұраған және кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан Samsung 032 ұялы телефонын жұлып алған.

Жәбірленушіге жасалған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жәбірлеуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефонды ол вокзал ауданында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

"Қазіргі уақытта "Tонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деді "Сарыарқа" ауданы ПБ бастығы Дулат Жұмағұлов.