Черногория тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін 17 адамды атып тастады

Черногория тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін 17 адамды атып тастады

Жұма күні Черногорияда болған жаппай атыстан 11 адам, оның ішінде екі бала қаза тауып, тағы алтауы жараланды, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00 шамасында болған, 34 жастағы ер адам алдымен аңшы мылтығымен екі баланы өлтіріп, әйелін жаралаған, содан кейін көшеде келе жатқан адамдарға оқ атқан. Әйел кейінірек ауруханада көз жұмды. Шабуылдаушы жедел жәрдем көлігін жаралыларға жақындатпай, тәртіп сақшыларына оқ жаудырғаннан кейін полиция оны өлтірген.

Черногория полициясының басшысы Зоран Брянин отбасы атыс болған үйде пәтер жалдап тұрғанын, атысқа отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін екенін айтып, оқ атқан адам туралы нақты ақпарат бермеді.

Г. Досымшалова