Оралда балабақша тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып, қорқытып келген

Оралда балабақша тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып, қорқытып келген

Оралда жекеменшік балабақшаның тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып келген, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Басылым мәліметінше, Оралдағы жекеменшік балабақшалардың бірінің тәрбиешісі бірнеше ай бойы балаларды ұрып-соғып, қорқытып келген. Қазір тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

Айта кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі мұндай жағдайлардың алдын алу үшін алдағы уақытта балабақшаларда лицензиялау жүргізілетінін мәлімдеген болатын.

Г. Досымшалова