Жаңа министрдің ағылшынша сөйлеуі Қазнетті тәнті етті

Желіде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің видеосы тарады. Онда министр ағылшын тілінде сөйлеп жатқаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Желіде видеоға жағымды пікірлер жазылған.

"Себебі ол еңбекқор, нағыз еңбекқор", "Қаншалық білімді министрлер болса, соншалық жақсы болады", "Қандай керемет", "Өз ісінің маманы", "Елімізде осындай жан-жақты азаматтарымыз көп болса, асар шыңдарымыз бен басар тауларымыз көп болады", "Таңғалдырды, сүйсіндірді", "Шет елде ұзақ уақыт тұрған шығар", - деп жазып жатыр пікір білдірушілер видеоға.