Аққуды сойып жегендер жұрттың жағасын ұстатты

Аққуды сойып жегендер жұрттың жағасын ұстатты
Фото: Tengrinews.kz.

Ташкентте отбасы аққуды қаз деп ойлап, жеп қойған. Бұл туралы Mehr va Oqibat Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды nuz.uz.

Central Park саябағында аққулардың бірі қоршаудан ұшып шыққан. Аққуды көшеде көлікпен кетіп бара жатқан Қашқадария тұрғыны ұстап алған. Ер адамды полицейлер кейін көлік нөмірі арқылы тауып алды. 

Ер адамның сөзінше, ұлдары аққуды қаз деп ойлап, үйінде құсты сойып, жеп қойған. Сондай-ақ, ер адамның сөзінше, ұлдары малды өз беттерінше соя береді екен.

Отбасы аққуды алдымен фермада қалдырғысы келген. Жасөспірімдер және олардың әкесімен жануарларды қорғау қоғамы өкілдері, саябақ қызметкерлері және Мирзо-Ұлықбек ауданының профилактика инспекторы кездесті. Нәтижесінде ер адамға ӘҚБтК-нің 47-бабына сәйкес 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Айыппұлдан бөлек, балалармен психолог жұмыс істейді.

С. Бөлек