"Назарбаевқа ұқсайды". Тұрсынбек Қабатов әйеліне ерекше видео құттықтау жасады

"Назарбаевқа ұқсайды". Тұрсынбек Қабатов әйеліне ерекше видео құттықтау жасады

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әйелі Мөлдір Мұқанованың отау құрғанына 19 жыл. Бұл туралы әзілкештің өзі Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Айта кетейік, бүгінде Қабатов пен Мұқанова үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. Әзілкеш парақшасында жұбайымен отау құрған кездегі суреттерін жариялады. 

"Алтын тойға жетейік. 11 тамыз үйленгенімізге 19 жыл", - деп жазды Қабатов. 

Сонымен қатар, Қабатов Instagram-парақшасында ерекше видео жариялап, құттықтады. Желі қолданушылары әзілкешті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұқсатқан. 

"Қартайғанда Елбасына ұқсап кетеді екен", "Назарбаевқа ұқсайды", - дейді Желідегілер.  

С. Сатыбалдина