Ким Чен Ын Covid жұқтырған. Шенеуніктер өкіріп жылаған видео тарады

Ким Чен Ын Covid жұқтырған. Шенеуніктер өкіріп жылаған видео тарады

Солтүстік Корея шенеуніктері Ким Чен Ынның Covid пандемиясы кезінде "ауруға шалдыққанын" біліп, жылап жатқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды The Sun.

Кадрларда Пхеньяндағы отырыста генерал мен медицина қызметкерлерінің жылап жатқаны көрінеді.

Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон Оңтүстік Кореяны коронавирусты таратқаны үшін айыптады.

"Елде Covid инфекциясынан бар болғаны 74 адам қайтыс болған, бұл - әлемдік денсаулық сақтау қоғамдастығы тарихындағы бұрын-соңды болмаған керемет", - деді ол. 

Ел әлі Covid инфекциясына қарсы ресми түрде екпе алған жоқ, бұл оның мәлімдемесіне күмән келтіреді.

Ким Ё Чжон Оңтүстік Кореяны "үгіт-насихат парақшалары" арқылы Covid індетін таратты деп айыптады.

"Ол қатты ауырып, дене қызуы көтерілгеніне қарамастан, ауруға шалдыққан басқа адамдарды ойлап, бір минутқа да жата алмады", - деді ол.

Ағасының ауруы туралы басқа мәлімдеме жасаған жоқ.

С. Бөлек