"Назарбаев келді". Нұр-Сұлтанда көптен күткен мешіт ашылды

"Назарбаев келді". Нұр-Сұлтанда көптен күткен мешіт ашылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда халық көптен күткен мешіт ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Жаңа рухани кешен Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша, іскер топтар өкілдерінің қаржысы есебінен салынған. 

Назарбаев 2019 жылы 18 наурызда мешіттің идеясын қалаған. Мешіт бүгін, 12 тамызда ресми түрде ашылды.

Астананың бас мешітінің ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Бұл туралы Елбасының кеңесшісі, баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.   

 

 

 

 

С. Сатыбалдина