Зообақта гориллалар адамдармен тілдесудің амалын тапты

Атланта хайуанаттар бағында гориллалар адамдармен "тілдесу" үшін жөтел мен түшкірікке ұқсас өзіндік "хм" дыбысын ойлап тапты, - деп хабарлайды Naked Science.

Жануарлар әлемінде дауыстардың өзгеруі өте сирек. Әдетте, бұл құстар, жарғанаттар, кит және пілдерге тән. Сондай-ақ, адам тәрізді приматтар үшін. Мысалы, хайуанаттар бағында шимпанзелер мен орангутандар дыбыс шығарудың жаңа түрін ойлап таба алатыны белгілі. Бірақ қазір тізімді гориллалар толықтырды. Бұл туралы Джорджия университетінің ғалымдары хабарлады.

Тәжірибе Атланта хайуанаттар бағындағы сегіз гориллаға жүргізілген.

Ғалымдар АҚШ пен Канададағы басқа хайуанаттар бағынан осындай жағдайлар туралы хабарламалар алғанын айтты. 11 бақта 33 горилла адамдармен "тілдесу" үшін ұқсас дыбысты пайдаланған.