Қытайда адам тәрізді робот селфи жасап, компания басшысына гүл сыйлады

Қытайда адам тәрізді робот селфи жасап, компания басшысына гүл сыйлады
Фото: Xiaomi

Қытайда Xiaomi компаниясы адам тәрізді CyberOne роботының прототипін ұсынды, - деп хабарлайды Yahoo Finance.

Cyberon роботының ұзындығы - 177 сантиметр, салмағы - 52 келі. Оның "Металл аға" деген лақап аты да бар, ал жұлдыз жорамалы бойынша - арыстан. Ол сағатына 3,6 шақырым жылдамдықпен тегіс жерде жүре алады.

Адам секілді роботтың OLED панелі тәрізді беті бар, ол әлемді 3D форматында көре алады, екі микрофон арқылы естиді әрі адам дауысы арқылы 45 түрлі эмоцияны анықтай алады.

Таныстырылым кезінде ол сахнада өзі жүріп, тіпті компанияның бас директоры Лэй Цзюньге гүл сыйлап, онымен селфи жасаған.

Жаңа өнімді ұсынған Лэй Цзюнь компания роботтардың бұл нұсқасын жақын арада көп мөлшерде шығармайтынын атап өткен, өйткені олар өте қымбат. Джунның айтуынша, Cyberon роботының бір данасының құны 89-дан 104 мың долларға дейін болады.

Ж. Қадыржанова