Тірідей көмілген ер адам табыттан өзі шыққан

Боливияда 30 жастағы Виктор Альварес тірідей көмілген. Ер адам табытта оянып, өздігінен шыққан. "Тірі өлік" полицейлерге мән-жайды айтып берген, ал олар оның әңгімесіне сенбеді, - деп хабарлайды Mirror.

Виктор Альварес 6 тамызда Эль-Альто қаласында өткен "Жер-Ана" фестивалінде болып, қатты масайғанын айтты. Ер адамның билегені, кейін табытта, фестивальдан 80 шақырым жерде оянғаны ғана есінде.

"Төсегімде жатырмын деп ойладым, тұрғым келді, бірақ қозғала алмадым. Табытты итергенімде әйнегін сындырып жібердім, солай сыртқа шықтым", - деді Альварес.

Ер адам мас болып есінен танып қалған. Мерекеге келгендер оны құрбандыққа шалып, жерледі деп күдіктенеді.

"Олар мені сулла ретінде пайдаланғысы келді", - дейді боливиялық.

"Сулла" термині Жер-Анаға жасалған құрбандықты білдіреді. Оның орнына көбіне кока жапырақтары немесе тәттілерді пайдаланады. Бірақ кейбіреуі ежелгі құрбандыққа шалу әлі күнге дейін бар және жасырын шалынатынын айтады.

Альварес оқиға туралы полицияға хабарлаған, бірақ тәртіп сақшылары оған тым мас болған соң сенбеген.