Тершеңдік қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін?

Медицина ғылымдарының докторы Рина Заславская тершеңдік кейбір аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды "Мослента".

"Тершеңдік - күрделі процесс. Бұл тер бездерінің жұмысы ғана емес, оған адамның бүкіл эндокрин жүйесі қатысады. Тер шамадан тыс көп болуы дене мүшелері жұмысындағы теңсіздікті білдіруі мүмкін", - деді дәрігер.

Оның айтуынша, бұл жүйке жүйесі жұмысы нашар болуынан да туындайды. Сонымен қатар, қатты терлеу әйелдердегі аналық без бен менопаузаның бұзылуының немесе ерлердегі жыныстық дисфункцияның белгісі болуы мүмкін. Дәрігер бүйрек проблемаларын тағы бір себеп ретінде атады. Бұл жағдайда терден жағымсыз иіс шығуы мүмкін.

Дәрігер адамдарға тершеңдіктің себебін өз бетінше анықтауға тырыспауға, мамандарға жүгінуге және қажет тексерістен өтуге кеңес берді.