Қырғыз ақындары Хабиб пен Хасбик алдында орысша айтысты

Қырғыз ақындары Хабиб пен Хасбик алдында орысша айтысты
Фото: Sport24.ru сайтынан

Қырғыз ақындары UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен блогер Хасбиктің алдында өнер көрсетті. Видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды 24.kg

Баян Акматов пен Кубат Тукешов басында ресейлік қонақтарға қырғызша сөйлеп, кейін жырын орысша жалғастырады.

"Біз қонақжай халықпыз. Орысша айтпасақ, олар тыңдамас еді. Келесі жолы ағылшын тілінде өнер көрсетеміз. Айтыста орысша ән салмау деген қағида бар. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. 60 тілде өнер көрсетсек қой...", - деп түсіндірді ақындар.

Е. Төлеш