Тойда жұлқынып билеген жігіт ұятқа қалды

Желіде тойдағы би түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz

Кадрлардан видео үйлену тойынан түсірілгенін байқауға болады. Онда жігіт пен әйел билеп жатқаны түсірілген. Би кезінде жігіт отыра бастағанда, шалбарының ауы жыртылып кетеді. Сол сәтте жігіт бірден қолын көтеріп, әуенді тоқтатуын сұрайды. 

"Ұят болыпты", - деп жазған жазба авторы. 

Пікір жазғандардың кейбірі жағдайға күліп қараса, кейбірі тойда былай билеуге болмайтынын айтып жатыр. 

"Апайлармен ойнамаңдар", "Ерсі көрінеді деп те айтып жатыр, сонда да қоймайды екен", "Осыны көрсетіп, тусіруден қалай ұялмайды екен", "Жалаңаяқ билеген апамыз да қатырады", - деп жазған желі қолданушылары.