"Құл етеді". Елеусінов Головкиннің промоутерінен неге кеткенін айтты

"Құл етеді". Елеусінов Головкиннің промоутерінен неге кеткенін айтты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жартылай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Badlefthook.com басылымына берген сұхбатында Эдди Хирнге тиесілі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясында неге қалмағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Matchroom-де қалатын едім, бірақ ұсыныстағы шарттары құл етеді. Былай қиын емес. Жылына 100 мың доллар төлеуім керек, ең атақты боксшылар: Конор Бенн, Верджил Ортис немесе Эррол Спенспен шығып жатсам да. Мұндай боксшылармен шықсам, бұл төлеу керек сомадан алты-жеті есе артық пайда әкеледі! Алайда мен гонорарды арттыруға мүлде құқым жоқ екен.

Фрэнк Уоррен мен Эл Хеймон сияқты промоутерлермен қуана жұмыс істер едім, бірақ олардың өз боксшылары мен міндеттері бар. Қазақстандық болғандықтан менің ісімді ешкім жүргізгісі келмейтін сияқты. Көңілден шығатын нұсқа күтіп жүрміз. Бұған уақыт керек сияқты. 

Менің стилім кей промоутерге келмейтінге ұқсайды. Мәселен, Эдди Хирн мен сияқтыларға қарағанда панчерлерді ұнатады. Жанкүйерлерге де боксшының танымал болғаны ұнайды, алайда қазақтар өзін жарнамалай бермейді. Атыңды шығару үшін трэш-токер болу керек сияқты, бірақ бұл менің мінезіме жат дүние", - дейді ол.  

Айта кетейік, Эдди Хирн қазіргі таңда өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің айқастарын ұйымдастырумен айналысып жүр. 

Е. Төлеш