Ресейде атақты порноактриса өз пәтерінен өлі табылды

Ресейде атақты порноактриса өз пәтерінен өлі табылды
Фото: Vesti.ru сайтынан

Санкт-Петерборда 24 жастағы ер адам 26 жастағы сүйіктісін пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды 5-tv.ru.

Әйелдің денесі ванна бөлмесінен табылған. Оны әйелдің құрбысы мен тәртіп сақшылары тауыпты. Марқұмның бірге тұратын жігіті телефон соғып, істеген ісін мойындағаннан кейін құрбысы полицияға жүгінген.

Полиция қаза тапқан әйелдің жеке басын анықтаған, ол Гришман фамилиясымен танымал порноактриса Анастасия Хамловская болып шықты.

Әйелді аяусыз өлтірген күдікті бұрын екі бап - ұрлық және әскери қызметтен жалтару бойынша сотталған екен. Полиция Дмитрийге іздеу жариялады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды. 

Е. Төлеш