"Ұйықтап жатқан жерінен қылғындырып, тонап кетті". Маңғыстаудағы оқиға елді дүрліктірді

"Ұйықтап жатқан жерінен қылғындырып, тонап кетті". Маңғыстаудағы оқиға елді дүрліктірді

Маңғыстау облысында екі ер адам газ құю бекеті қызметкерінің ақша салынған сөмкесін ұйықтап жатқан жерінен ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 тамызда екі адам Бейнеу ауылындағы газ құю бекетінде ұйықтап жатқан ер адамның 80 мың теңге көлемінде ақша салынған сөмкесін ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталған.

Бұл дерекке қатысты Бейнеу аудандық Полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі 3-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайтыны хабарланды.

С. Бөлек