Екі тұрғын әйелді балаларының көзінше зорлап тастаған

Жизақ облысында екі ер адам үйге кіріп, балалардың көзінше әйелді зорлаған, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

Облыстық ІІД өкілі оқиға 24 шілдеде түнгі сағат 02:45 шамасында болғанын айтқан. Басылым мәліметінше, екі ер адам үйге терезеден кірген. Үйде әйелдің екі баласы болған. Олар үй иесін қорқытып, бетінен бірнеше рет ұрып, содан кейін оны зорлаған.

Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 118-бабы 2-бөлігінің "в", "г" тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер ұсталған.