Екібастұзда "Восточный" көмір разрезінде жұмыс істеп жатқан механик қаза тапты

Екібастұздағы "Восточный" көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, қайғылы жағдай шамамен кеше таңғы 11.35-те болған. 

"9 тамызда сағат 11:35-те "ЕЭК" АҚ "Восточный" разрезінде адам өліміне әкеліп соққан апат болды. 

Жөндеу жұмыстары кезінде барабанның айналма білігі босап кетіп, білік пен металл құрылымның турағыш бөлігі арасына электромеханик қысылып қалған",  - делінген хабарламада.

Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Циклдік ағынды жабын учаскесінің электромеханигі болып жұмыс істеген марқұм 42 жаста болған.

Облыстық еңбек басқармасы өкілдері қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.