Ақкөл мектебінде автоматпен жүр. Видеоға қатысты құқық қорғау органдары пікір білдірді

Ақкөл мектебінде автоматпен жүр. Видеоға қатысты құқық қорғау органдары пікір білдірді

Ақкөлде антитеррористік оқу-жаттығу өтіп жатыр. Бұл туралы Ақмола облысының баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

Оқырмандар Tengrinews.kz сайтының Telegram-ботына Ақкөлдегі мектепте қару асынғандар жүргені туралы видео жіберді. Өңір әкімдігінің өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. 

"9 тамызда Ақкөл қаласының аумағында аудандық жедел штаб терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіп жатыр. Осыған байланысты тұрғындардан сабыр сақтауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларға тартылған құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Оқу-жаттығу кезеңінде көлік құралдарының қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

Ж. Қадыржанова