5 жасар қызды іздеу жұмыстары: адамдар алқапта шырын мен тәттілер қалдырып жатыр

5 жасар қызды іздеу жұмыстары: адамдар алқапта шырын мен тәттілер қалдырып жатыр

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысында жоғалған қыз әлі табылмаған. Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы, яғни төрт бағытта іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін белгі болады. Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов жедел штабтың кезекті отырысын өткізген.

Еске салайық, бұған дейін Желіде Қостанай облысында жоғалып кеткен 5 жасар қыздың видеосы жарияланғаны хабарланған болатын. Кейін ерікті оны қалай көріп қалғанын айтып берген еді.

Ж. Қадыржанова