Дәрігер күнбағыс дәнегінің қаупі туралы айтты

Ресейлік диетолог Татьяна Залетова Sputnik радиосына берген сұхбатында күнбағыс дәнегін шамадан көп шағудың салдары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Диетолог дәрігердің сөзінше, Татьяна Залетова күнбағыс дәндерінің калориясы күнделікті рационның негізгі тағамдарының калориясымен бірдей. Бұл артық салмақ жинауға әкелуі мүмкін.

"100 грамда 700 килокалорияға дейін болуы мүмкін. Кейде адамдар күнбағыс дәнегінде калория көп екенін ескермейді және ол неліктен салмақ қосуға әкелетінін түсінбейді", - деп түсіндірді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігердің айтуынша, егер күнбағыс дәнегін қуыру үшін нашар өсімдік майын пайдаланса, онда бұл өнімде канцерогендердің пайда болу қаупі жоғары.

"Дәнекте онкология ауруын тудыратын заттар пайда болуы мүмкін", - дейді Татьяна.