Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдіктілер қылмысты қалай жасағанын айтты

Орал полицейлері кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне байланысты қылмыс болған жерде тергеу шараларын жүргізді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, 9 тамызда таңғы 10:00 шамасында тергеушілер Исатай-Махамбет көшесінде орналасқан "Рахат Лукум" дәмханасының аумағына келіп, кәсіпкер Мұханғалиевтің өліміне қатысты тергеу жүргізген. Тергеу алаңы қоршалып, полиция қызметкерлері кезекшілікте тұрды. Сәлден соң қылмыстың басты күдіктісі 31 жастағы Руслан Қожантаев тергеу орнына жеткізілді. 

Тергеушілер мен арнайы жасақ оны алдымен дәмханаға, кейіннен көлік тұрағына апарды. Онда ол қансырап жатқан Еркін Мұханғалиевке қалай пышақтағанын көрсетті.

Одан әрі Қожантаевты қарулы күзет қызметкерлері Исатай-Махамбет көшесінің бойымен алып кетті. Ол бұл көшеде қылмыс жасаған соң қалай қашып кеткенін көрсетті. Тергеу барысында күдікті өзін байсалды ұстап, ақырын сөйлеп, полиция қызметкерлерінің барлық бұйрығын орындады.

Еске салайық, оқиға 6 тамызда кешке болған еді. Еркін Мұханғалиевтің денесі П.Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылды. Күдіктілердің жеке басы анықталды - олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді.

Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, күдіктілер баруы мүмкін деген жерлер тексерілді. Қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылды.

Артынша оралдық кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған еді. Кадрда кәсіпкер екі жігітпен дәмханада қалай сөйлесіп жатқаны көрсетілген. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұғып алады. Содан кейін ол тағы бірнеше рет ұрады. Жарақат алған Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.