Air Astana рейсі найзағай салдарынан кешіктірілді

Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі найзағай мен шаңды дауыл салдарынан кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Авиатасымалдаушы ақпаратына сәйкес, Алматы - Нұр-Cұлтан бағытындағы КС 855 рейсі кесте бойынша 8 тамызда сағат 19:45-те ұшуға жоспарланған.

"Алдыңғы рейсті орындау кезінде ұшаққа найзағай түсуі салдарынан әуекемесі бұрын Алматы - Нұр-Сұлтан - Алматы бағыты бойынша Fly Arystan КС 7058 рейсін орындаған резерв бортына ауыстырылды, соған орай 3 сағат 45 минут кідіруі тиіс еді. Алайда Алматыдағы шаңды дауыл, Нұр-Сұлтан әуежайының жабылуы және әуекемесінің техникалық ақауы салдарынан көп кідірді", - деді Air Astana өкілі.

КС 855 рейсі 7 сағат 15 минут кешіккен.

"Жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді, кейбір жолаушылар басқа рейстерге ауыстырылды. Бизнес-класс жолаушыларына 100 долларға (47 711 теңге) билеттер беріледі. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп қосты компания қызметкері.