"Акула бар". Оралдық әйел Каталина бұғазын жүзіп өтті

"Акула бар". Оралдық әйел Каталина бұғазын жүзіп өтті

Оралдық әйел алғаш рет Каталин бұғазын жүзіп өтті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

5 тамызда Оралдық әйел Әнел Сытдықова Калифорния штатындағы Санта-Каталина аралы мен Ранчо Палос-Вердес жағалауы арасындағы бұғазды жүзіп өтті.

Каталина бұғазы америкалық Ла-Манш деп те аталады. Әнел 34 шақырымды 19 сағат 18 минутта жүзіп өткен.
Әйелдің айтуынша, суық су мен ағыс қиындық туғызған. Бұл бұғазда кит, дельфин, тіпті акулалар өмір сүреді.

БҚО спорт басқармасының баспасөз қызметі өкілдері Әнелдің жүзуін 3 адам - төрешілер мен көмекшілер қадағалағанын айтты. Ережеге сәйкес, жүзушіге қайыққа қол тигізуге және су костюмін қолдануға тыйым салынады.

2019 жылғы шілдеде Әнел Сытдықова әйгілі Ла-Маншты жүзіп, қазақстандықтар арасында бірінші болды. Қазір әйел Англияда тұрады.

С. Бөлек