"Таң атып, күн батады". Мақпал Исабекова балалы болғаннан кейінгі жағдайын айтты

"Таң атып, күн батады". Мақпал Исабекова балалы болғаннан кейінгі жағдайын айтты
Фото: makosyai

Жақында ғана ана атанған Мақпал Исабекова Instagram-парақшасында балалы болғаннан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Күнделікті шаруа сол, балаға тамақ беру, оның астын ауыстырып жуу, ұйықтату, кешкі шомылдыру, киімдерін жуу, болды. Осымен-ақ таң атып, күн батады. Аллаға шүкір, қасымда анам бар, шаруаның көбін өзіне арқалап алған.

Қасында көмегі жоқ, баламен бәріне үлгеріп, үй тіршілігін тындырып жүрген келіншектер, сіздерге бас ием", - деді әнші.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші Мақпал Исабекова ана атанғаны хабарланған болатын. Қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram-да жазған еді.

Кейінірек ол баласына ерекше есім қойғанын айтты. Әнші мен жұбайының таңдауы "Тео" деген есімге түскен. 

Ж. Қадыржанова