Киіміне асылып қалған. Генерал-майордың өліміне қатысты тың дерек шықты

Киіміне асылып қалған. Генерал-майордың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов

6 тамызда генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болған еді. ҚАЖК өкілі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Elitar.kz.

Қайтыс болған генерал-майор Жайлаубек Халықұлы камерада тағы екі тергеудегілермен бірге отырған. Ведомство күдіктілер қандай қылмыс бойынша отырғанын нақтылаған жоқ.

"Жайлаубек Халықұлы киіміне асылып қалған", - деп түсіндірді ҚАЖК қызметкері.

Еске салайық, бұған дейін генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған болатын. Кейінірек прокуратура тергеу изоляторында қайтыс болған генерал-майорға қатысты істі бақылауына алды.

Ж. Қадыржанова