Германия консулы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Германия консулы адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Рио-де-Жанейро полициясы адам өлтірді деген күдікпен Германия консулдық қызметкері Уве Герберт Ханды қамауға алды. Бұл туралы CNN.Brazil телеарнасының сюжетінде айтылған, - деп хабарлайды Aussiedlerbote басылымы.

Басылым мәліметінше, Уве Герберт Хан 22 жыл бұрын бір жынысты некеге тұрған 52 жастағы бельгиялық Вальтер Анри Максимиллиан Биотты өлтірді деген күдікке ілінген. Оның денесі 5 тамызда кешке өздері тұрған пентхаустан табылған. 

Марқұмның денесінде көптеген дене жарақаты болған. Атап айтқанда, ер адам басының артқы жағынан алған соққы салдарынан бас жарақатын алған. Сондай-ақ, бет, кеуде, іш, аяқ, бөксе аймағында көгерген жерлер анықталған.

Неміс консулы Биоттың құлап, басын ұрғанын айтқан. Тергеушілер оның айғақтарынан қайшылықтар тауып, сол жерде ұстады. 

Полиция қызметкерлері айыпталушының елшіліктегі дәрежесі мен қызметі күдіктінің дипломатиялық иммунитетін қамтамасыз ете ме, жоқ па деген сұраққа жауап беруден бас тартты.

Г. Досымшалова