"Жазғандарын оқып жағамды ұстаймын". Белгілі тележүргізуші жігіттерге үн қатты

Блогер, тележүргізуші Диана Қырықбай шет елге тұрмысқа шығатын қыздарға қатысты пікір білдіріп, қазақ жігіттеріне үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Өзге ұлтқа тұрмысқа шығып жатқан қазақ қызы өте көп. Мен оған қарсы емеспін. Бірақ біздің кейбір жігітсымақтар көкіректерін ұрып, "ол қыздарды бауыздау керек, қазақтың қыздары шет елге кетіп жатыр" деп ауыздарына келгенін айтып жатыр. Намысшыл жігіттер секілді. Бірақ TikTok-та отырған кезде сол жігіттердің, барлығы демеймін, кейбір жігіттердің, 80 пайыз шығар мүмкін, жазған пікірлерін оқып, жағамды ұстаймын. Екінің бірі "бір жеріңді бересің бе", "бір жеріңді ұстатасың ба" дейді, бір орамал таққан қыздың тікелей эфиріне кірдім, жай тамағын дайындап жатыр, тірліктерін істеп жатыр. Бір жігіт қоймайды "көтің қышып жүрген шығар, неге тікелей эфирге кіресің? Сен орамалды қызсың ғой. Мен сені қандырып беремін" дейді. Елестетіп көріңіздерші. Маған жазылған пікірлерде де толып жатыр.

Қарақтарым-ау, сендер, қазақ жігіттері, өздеріңнің қаракөз қыздарыңды осылай жерге таптап жатқан кезде, өзге ұлттың жігіттері бағалап жатқан кезде сұрақ туындамауы керек. Сіздер қыздарды сыйлай бастаған кезде, неше түрлі нәрсені айтпаған кезде қыздарымыз өз елімізде қалады", - дейді ол видеода.