Жасөспірім байқаусызда немере ағасын пневматикалық мылтықпен атып өлтірді

Жасөспірім байқаусызда немере ағасын пневматикалық мылтықпен атып өлтірді

Ташкент облысында жасөспірім туысын атып өлтірді, - деп хабарлайды Nuz.uz.

Басылым мәліметінше, 2 тамызда 14 жастағы жасөспірім Паркент ауданы Ешлик ауылында тұратын ағасының үйіне келген. Ол 15 жастағы немере ағасымен бірге көкесіне тиесілі пневматикалық мылтықты алып, құс аулағылары келген.

Нәтижесінде, 14 жастағы бала ағасына байқаусызда оқ атқан. Оқ оның кеудесіне тиген. Осылайша, 15 жастағы бала оқиға орнында қаза болған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова