Алматы облысында жеңіл көлік жарға құлады

Әлеуметтік желіде биіктегі жолдың күрт бұрылысында Mazda жеңіл көлігінің тік жартастан ұшып кеткен видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2022 жылдың 2 тамызында сағат 13:30 шамасында "Түп-Кеген-Көкпек" тасжолының 12 шақырымында жол апаты болған.

52 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі аталған тасжолмен келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, жол шетінен жарға қарай ұшып кеткен.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жол апаты дерегіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.