Биімен Желіні жарған африкалық балалар кім екені анықталды

Биімен Желіні жарған африкалық балалар кім екені анықталды

Желіде түрлі әуенге билеген африкалық балалар хит болды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Instagram әлеуметтік желісінде Masaka Kids Africana атауымен белгілі балалардың парақшасында 3,6 миллион оқырманы бар. Ал YouTube-тегі арналарында 2,98 миллион адам жазылған. 

Instagram-да 8 шілдеде жариялаған видеолары 3,8 миллион лайк жинаған.  

"Араларындағы біреуін ғана таңдап, "мынау күшті және мықты биші" деп бөліп-жару мүмкін емес", "Бәріңді жақсы көремін", "Қандай керемет балалар", - деп жазады Желідегілер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Masaka Kids Africana (@masakakidsafricana)

Masaka Kids Africana - соғыс, аштық кезінде және түрлі ауру жұқтырып қайтыс болған бір не екі ата-анасынан айырылған 2 жастан асқан балаларды қамқорлығына алған Угандадағы қор. Балалар ерекше ырғақтағы әннің сүйемелдеуімен қайталанбас билерімен көптеген адамның жүрегін жаулап үлгерген.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Masaka Kids Africana (@masakakidsafricana)

Қордың арнайы сайты бар. Ол жерде кез келген адам бір доллардан бастап донат беріп, балалардың білім алып, азық-түлік пен киім сатып алуына көмек бере алады. Сонымен қатар, қордың арнайы дүкені де бар. Ол жерде түрлі киім-кешек пен ыдыстар сатып алуға болады.  

С. Сатыбалдина