Головкин карьерасын аяқтау туралы сұраққа өзгеше жауап берді

Головкин карьерасын аяқтау туралы сұраққа өзгеше жауап берді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) кәсіпқой карьерасын аяқтау туралы айтып берді. Боксшымен диалогты "Халықаралық даңқ залына" іріктеушілердің бірі және Forbes авторы Джош Катцовитц жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкиннен "Канелоны" келесі айда жеңсе карьерасын аяқтау туралы ойлана ма деп бүгін сұрадым. Ол пандемия кезінде зейнетке шығып кеткенін айтады. "Ал қазір жай ерігіп жүрмін" дейді. Фред Штенбург екеуміз амалсыз күліп жібердік", - деп жазыпты Катцовитц.

С. Сатыбалдина