Иран Әзербайжанмен шекараға әскери техника жібере бастады - БАҚ

Иран Әзербайжанмен шекараға әскери техника жібере бастады - БАҚ
Фото: @sepah_pasdaran Telegram-арнасы

Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусы Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуі аясында өз техникаларын Әзербайжан маңындағы шекараларға жылжыта бастады. Видео ирандық Sepah Pasdaran Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

2022 жылы наурызда Ислам революциясы Сақшылар корпусы көрші мемлекеттер шекарасындағы өзгерістерге шыдамайтынын, сондықтан "Арменияға кез келген әскери басқыншылық Иран Қарулы күштерінің реакциясына тап болатынын" ескертті. Иран мен Әзербайжан шекарасының 400 шақырымы ортақ.

Әзербайжан шекарасына Иран әскери техникасын тасымалдағаны ресми расталмаған. Жарияланған видеода бронетранспортер тиелген жүк көлігі тасжолда кетіп бара жатқаны көрінеді.

3 тамызда Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдай шиеленісуіне байланысты ішінара әскери көмек жариялады. Әзербайжан әскері операция жүргізгенін хабарлады. Қарсыласу сызығының солтүстік-батыс бағытында ресейлік бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында әзербайжандық бөлімшелер гранатометтерді және соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 14 армян әскери қызметкері жараланып, біреуі қаза тапқан.

Ж. Қадыржанова