Ақтауда баласын өлтірген әйел сот үкімінің күшін жоюды сұрады

Ақтауда баласын өлтірген әйел сот үкімінің күшін жоюды сұрады

Ақтауда баласын өлтірген әйел сот үкімінің күшін жоюды сұрады, - деп хабарлайды Lada.kz

Соттың үкімі бойынша әйел адам Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оқиға биыл 4 қаңтарда болған. Әйел адам кәмелетке толмаған қызын итеріп жіберген. Бала үстелдің шетіне ішімен түскен. Артынша әйел баланы үйде қалдырып кеткен. 

Екі жарым сағаттан кейін қыз оқиға орнында қайтыс болған. Сараптама нәтижесі бойынша, бала ішін үстелдің шетіне ұрып алғаннан кейін қан жоғалтып қайтыс болған. 

Апелляциялық шағымда жәбірленушінің заңды өкілі үкімнің күшін жоюды, ал істі қосымша тергеуге жіберуді сұрады. Сотталушы да өз шағымында істі қайта қарауды сұрады.

Сотталушының адвокаты оның әрекетін Қылмыстық кодекстің 104-бабына сәйкес қайта саралауды, яғни абайсызда өлім келтіру бабы бойынша қарастыруды сұрады.

Апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот үкімінің заңды және негізді шығарылғанын анықтады. Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, үкімді өзгерту немесе күшін жою және апелляциялық шағымдардың дәлелдерін қанағаттандыру үшін негіз жоқ. Сот үкімі өзгеріссіз қалды. 

С. Сатыбалдина