Испанияда шілдеде аптаптан 2176 адам қайтыс болған

Испанияда аптаптан шілдеде 2176 адам қайтыс болған, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Соңғы рет мұндай жағдай 2015 жылы тіркелген екен. Марқұмдардың дені қарт кісілер. Ауа райына байланысты билік электр энергиясын үнемдеу шараларын жариялады. Күннің ыстығы кесірінен орман өрті жиілеген.

Тілсіз жау 150 мың гектар аумақты тып-типыл етті. Ал сарапшылар аптап ыстық салдарынан елде зәйтүн майының өндірісі қысқаруы мүмкін екенін айтады.

Әлемде шығарылатын бұл өнімнің тек жарымы Испанияның үлесіне тиесілі. Қарулы қақтығысқа байланысты Украинадан сұйық майдың жеткізілуі де қиындаған. Сондықтан сарапшылар алдағы уақытта әлемдік нарықта өсімдік майының бағасы қымбаттауы мүмкін екенін ескертеді.