ДДСҰ басшысы бейресми сапармен Алматыға келді

ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Алматыға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол Қазақстанға бейресми сапармен келген. Қазақстанда оның құдалары тұратыны белгілі.

Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстанның жетекші медициналық университеті - Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне (ҚазҰМУ) барды.

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметі мәліметінше, оны медициналық университетте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қарсы алған. ДДСҰ бас директоры университеттің құрметті қонақтары кітабына естелік жазба қалдырған.

Ал бұған дейін ДДСҰ басшысы қала әкімі Ерболат Досаевпен кездескен.